Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматының екі ауданында суық су өшіріледі Фото:elements.envato.com

Алматының екі ауданында 19 қазанда суық су өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК мәліметіне сілтеме жасап.

Алматының екі ауданында 19 қазанда суық су өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматы су" мәліметінше, Түрксіб ауданында 19 қазанда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 19-әскери қалашық пен СМУ тұрғын алабы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады.

Әуезов ауданында 19 қазанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Мамыр-4, Мамыр-7, Достық шағынаудандарында Пригородная-Шаляпин, Яссауи-Паклиевский көшелері шаршысында суық су беру уақытша тоқтатылады.

Жарнама
Жарнама

"Енгізілген шектеулер сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама