06 қыркүйек 2020 09:36

Алматының екі ауданында суық су уақытша берілмейді

Сурет: pixabay.com

Алматының Алмалы және Түрксіб аудандарындағы бірнеше квартал бір күнге суық судан ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасп.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Алмалы және Түрксіб аудандарындағы бірнеше квартал бір күнге суық судан ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасп.

8 қыркүйекте сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Төле би - Қожамқұлов - Гоголь - Шәріпов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Реклама
Реклама

9 қыркүйекте сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Майлин - Ахметов - Рыбинская - Закарпатская көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен заңды тұлғалардың объектілеріне суық су беру тоқтатылады, Алтай-1, 2 шағын аудандарында желілердегі су қысымыны төмендейді.

"Бұл шектеулер магистраль желілерге жаңа су құбырларын қосу және желілердегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram