Алматының екі ауданында уақытша ыстық су болмайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматының екі ауданында уақытша ыстық су болмайды Фото: elements.envato.com

Алматыда Медеу және Жетісу аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық су беруден ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 13 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу аудандарының Қонаев - Райымбек - Жангелдин - Есік - Кіші Алматы өзені - Әйтеке би - Қалдаяқов - Мақатаев - Уәлиханов көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді", - делінген хабарламада.

Жылумен қамту желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізілгені айтылды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама