ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 маусым 2021 13:50
Алматының Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды
Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына Құдайбергенов Емберген Сәкенұлы тағайындалды", - делінген ҚМА хабарламасында.
Емберген Құдайбергенов еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарынан бастаған.
Әр жылдары қаржы полициясы органдарында, ҚР ІІМ Қарағанды академиясында, Меммүлікті басқару органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2020 жылдың ақпанынан бері Жамбыл облысы бойынша ЭТД басшысы қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу