Алматының жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданы аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері - қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарын орналасқан, сондықтан қауіп жоғары", - деді Күлшімбаев.

Оның айтуынша, 9 және одан да көп балдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.

Реклама
Реклама

"Қаланың 60-70 пайызы қирай ма, мен мұнымен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын болатынын қарастыру қажет", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама