Алматының Жетісу ауданында болған өрт: Үйсіз қалғандарға қандай көмек көрсетіліп жатыр

07 Тамыз 2015, 18:00
0
Алматының Жетісу ауданында болған өрт: Үйсіз қалғандарға қандай көмек көрсетіліп жатыр - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"
Алматының Жетісу ауданында болған өрт: Үйсіз қалғандарға қандай көмек көрсетіліп жатыр - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыдағы Жетісу ауданында болған өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудан әкімінің аппаратына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Тобаяқов көшесіндегі 12-үйде болған өрттен 16 пәтер зардап шекті, ондағы тұрғындардың саны - 60, арасында кәмелетке толмаған 18 жасөспірім бар. Өрт 7 тамыз күні түнгі сағат 01.30 шамасында басталды. 

Әкім аппаратының мәліметінше, зардап шеккен тұрғындарға медициналық, оның ішінде психологтардың көмегі көрсетіліп жатыр. Өртенген үйдің тұрғындары пәтерлерге және жақын маңайда орналасқан қонақүй типті жатақханаға орналастырылды. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығына зардап шеккен азаматтардың жеке куәліктерін және үй құжаттарын қайта қалпына келтіруге мұқтаж адамдарға тез арада көмек көрсету тапсырылды.

"Мектепке баратын балалардың тізімі жасалды, барлық бала мектеп формасымен, кітаптар және кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, мектеп әкімшілігі тарапынан да, аппарат тарапынан да барынша көмек көрсетіледі, қажетінше дәрі-дәрмекпен қамтылады. Төтенше жағдайлар қызметінің тиісті анықтамаларын алғаннан кейін ауыр жағдайға тап болған отбасылар ретінде бірреттік материалдық көмек алуға ықпал етіледі", - дейді аппараттағылар.

Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындар таңғы және түскі аспен және уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Жетісу ауданында бірқатар баспананың өртенгені хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды. Ол 1952 жылғы Захаров есімді азамат болып шықты. Өрт 14 негізгі және 3 арнайы техниканың көмегімен сөндірілді, сонымен қатар жеке құрамнан 100 адам жұмылдырылды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай