Алматының жоғарғы бөлігі жарықсыз қалды

Алматының жоғарғы бөлігі жарықсыз қалды Фото:depositphotos.com

Алматының жоғарғы бөлігі электр жарығысыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының жоғарғы бөлігі электр жарығысыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алатау жарық компаниясы" жариялайтын қаланың электрмен жабдықтау желілері бойынша "Апаттық жағдайлар картасына" сәйкес, сағат 13:30 шамасында Назарбаев даңғылы, Қажымұқан, Панфилов көшелері мен Меңдіқұлов гүлзары маңында жарық өшті.

Сонымен қатар жерасты паркингі бар Almaty Theatre мәдениет және өнер театры, көпфункционалды тұрғын үй кешені, әкімшілік ғимарат, паркингі бар қонақ үй, спорт-ойын алаңдары мен Қажымұқан көшесіндегі ғимараттар жарықсыз қалды.

Жарнама
Жарнама

Қазіргі уақытта жарықтың өшу себебі анықталып жатыр. Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары шамамен 2 сағат ішінде аяқталады деп күтіледі.

azhk.kz сайтынан алынған скриншот

Тағы оқыңыз: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері өседі деп күтіледі: болжам қандай?

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама