04 қараша 2021 | 11:39

Алматының қар жауғаннан кейінгі жағдайы қандай?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы мен қала маңында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар көктайғақ. Әкімдіктің мәліметінше, қалаға таулы аймақтың жақындығына байланысты қалыңдығы 8-ден 15 сантиметрге дейін қар жауған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен қала маңында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар көктайғақ. Әкімдіктің мәліметінше, қалаға таулы аймақтың жақындығына байланысты қалыңдығы 8-ден 15 сантиметрге дейін қар жауған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары көлік кептелісі жылы күндерге қарағанда ұзаққа созылғанын айтып шағымданды. Қала тұрғындарының айтуынша, таңертең жолдар тазартылмаған. Аялдамаларға автобустар аз келді, ал таксилер қызмет көрсету бағасын барынша көтерген.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желілерде түнде қар жауғаннан кейінгі Алматы маңындағы жолдар түсірілген видео тарады.

Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы 3 қараша күні сағат 19.00-де Алматы қаласының солтүстік жағынан қар жауа бастағанын хабарлады. 4 қараша күні сағат 8:00-дегі жағдай бойынша қалада 8 сантиметр, тау бөктерінде 10 сантиметр, таулы аймақтарда 15 сантиметр қар жауды.

Қазгидрометтің болжамынша, қар бүгін түске дейін жауып, түстен кейін тоқтайды. Түнде ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендесе, бүгін 6 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі..

"Қар жауа бастағаннан бері 185 құм себетін машина жолдарға мұздан тазартатын материалдар септі. 4200 тонна мұздан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сағат 03.30-дан бастап қарды күректеу үшін колонналар ұйымдастырылды", - деп қосты қалалық тұрғын үй саясаты бөлімі.

Жүргізушілер көліктеріндегі қарды тазалап, көліктерін жылытуға мәжбүр болды. Кейбіреулер қатты аязға байланысты сапарды кейінге қалдырды.

Жол тазалаушыларға да оңай болған жоқ. Сол түні аялдамаларды, тротуарларды қардан тазалауға 1400 адам шықты.

Алайда таңға дейін бүкіл қаланы қардан тазартуға үлгермеді. Қазіргі уақытта қарды тазалау және шығару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қала аумағынан қар шығару жұмыстары таңғы қарбалас уақыттан кейін жүргізіледі. Қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін облыс әкімдіктерінде тәулік бойы вахта ұйымдастырылған", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная