Алматының “меншікті уақыт белдеуіне“ көшуі: не белгілі?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы әкімдігі мен мәслихаты "меншікті уақыт белдеуіне" көшу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мен мәслихаты "меншікті уақыт белдеуіне" көшу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі аппараты мәліметінше, жаңа жұмыс кестесіне көшу туралы мәселе қарастырылып отырған жоқ.

"Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа азаматтар тарапынан мұндай өтініштер түскен жоқ", - деп жазылған әкімдік жауабында.

Реклама
Реклама

Алматы мәслихаты жергілікті кәсіпорындарды, мемлекеттік органдарды және басқа да ведомстволарды жаңа жұмыс кестесіне көшіру жөнінде ұсыныс түспегенін хабарлады.

"Бұл мәселені таяудағы сессияда қарау жоспарланбаған. Еңбек кодексіне сәйкес күнделікті жұмыс ұзақтығы, жұмыстың басталу және аяқталу, үзіліс уақыты еңбек тәртібі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптарды сақтай отырып айқындалады", - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, жуырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетілгенін, бұл тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапқанын мәлімдеді. Министр қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдана алатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная