ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2021 | 16:45
Алматының орталық көшелерінде түнгі уақытта су беру тоқтайды
Алматының орталық көшелерінде түнгі уақытта су беру тоқтайды. Бұл туралы "Алматы су" өкілдері ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының орталық көшелерінде түнгі уақытта су беру тоқтайды. Бұл туралы "Алматы су" өкілдері ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Луганский - Әл-Фараби - Байзақов - Төле би көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру 14 қазанда сағат 21:00-ден таңғы 08:00-ге дейін тоқтатылады.
"Мегаполистің осы бөлігіндегі су құбыры желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін сумен жабдықтау объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Ажырату кезеңінде денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне және әлеуметтік саланың өзге де ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылатын болады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также