Алматының ортасында қаруланған ер адам ұсталды

Алматының ортасында қаруланған ер адам ұсталды © polisia.kz

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

11 қараша сағат 22.00-де кезекші бөлімге Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында қаруы бар ер адам жүргені туралы хабарлама түседі.

Содан кейін айтылған мекенжайға шыққан Ұлттық ұлан әскерилері Қонаев-Мәметов көшелерінің қиылысында ер адамды табады. Ол тәртіп сақшыларын көріп, қашуға тырысады. Алайда әскерилер оны ұстаған.

Жарнама
Жарнама

Ұсталған орынға Медеу ауданы ПБ тергеу-шұғыл тобы шақырылған. Сол жерде 26 жастағы азаматтан екі газ және нөмірі өшіп қалған сигналдық тапанша тәркіленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама