08 қазан 2021 | 14:54

Алматының Саин көшесіндегі қоршау алып тасталды. Әкімдік не дейді?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыдағы Саин көшесінде металл бөлгіш қоршаулар алынды. Осы жағдайға қала әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Саин көшесінде металл бөлгіш қоршаулар алынды. Осы жағдайға қала әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

Алматы әкімдігі Саин көшесіндегі бұрынғы қоршаудың орнына жаңа қоршау орнатылатынын мәлімдеді.

"Саин көшесінде тозығы жеткен темір қоршау мырыштан жасалған қоршауға ауыстырылады. Өзгеріс Саин көшесінің бойында Абай даңғылы, Шаляпин мен Жандосов көшелерінің қиылысында (туннельде), әсіресе қауіпті аймақтарда жүргізіледі", - деді Алматы әкімдігі.

Қала тұрғындарында ескі қоршау орнына тұрғызылған қисық бағандарға қатысты көптеген сұрақтар туындауда.

"Бұл - әлі аяқталмаған жұмыс. Негізгі қоршаулар тегістеліп, орнатылады. Суретте тек тіректер көрсетілген. Бұған дейін құбыр қоршаулардың қызмет ету мерзімі өтіп кеткен. Олар коррозияға ұшырағандықтан дұрыс тұрмаған", - делінген хабарламада.

Саин көшесі - Алматыдағы негізгі көлік бағыттарының бірі.

Бұған дейін алматылықтар қаладағы автотұрақтардың дұрыс ұйымдастырылмауына шағымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная