12 желтоқсан 2022 08:23

Алматының "Сергек" камералары қандай ереже бұзу деректерін тіркейді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы полиция департаментінің қызметкерлері "Сергек" камералары қандай ереже бұзу деректерін жиі тіркейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полиция департаментінің қызметкерлері "Сергек" камералары қандай ереже бұзу деректерін жиі тіркейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір қаладағы жолдарда 5 мыңнан аса фото және бейнебақылау камералары бар.

2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында "Сергек" аппараттық - бағдарламалық кешендерімен ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзудың миллионға жуық (дәлірек айтсақ 939 029) дерегі тіркелген. Олардың ең жиі кездесетіні:

Реклама
Реклама

- жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту - 543 142 бұзушылық;
- жылдамдықты арттыру - 394 723 бұзушылықтар;
- бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту - 1164 бұзушылық.

"Сергек" камералары Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзуды да тіркейді. Алайда, қанша бұзушылық тіркелгені туралы айтылмаған.

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері Алматы қаласының аумағында 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram