Алматылық такси әуежайдан қонақүйге жеткізгені үшін америкалықтың 40 мың теңгесін қағып алған

Алматылық такси әуежайдан қонақүйге жеткізгені үшін америкалықтың 40 мың теңгесін қағып алған © pixabay.com

Алматыда?ы Медеу ауданыны? полицейлері А?Ш азаматшасына а?шасын ?айтарып алу?а к?мектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Медеу ауданының полицейлері АҚШ азаматшасына ақшасын қайтарып алуға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлерге белгісіз жекеменшік такси жүргізушісінің шетелдікті Алматы халықаралық әуежайынан "Қазақстан" қонақүйіне дейін 40 мың теңгеге жеткізгені жайлы хабар келіп түскен.

"Бұл туралы бірінші болып қонақүй қызметкерлері хабарлады. Олар 102 пультіне хабарласты. Жекеменшік жүргізушінің аты-жөні бірден анықталды. Ер адам шетелдік азаматшаның қаланы білмейтінін пайдаланып, бағаны көтерген. Нәтижесінде жүргізуші 53 жастағы әйелге ақшсын қайтарды. Әйел өз кезегінде қазақстандықтарға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді", - деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, биыл жазда Астанада да осындай жағдай болған еді. Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама