Алматылықтар 60-жылдары Жаңа жылға қалай дайындалған

Алматылықтар 60-жылдары Жаңа жылға қалай дайындалған

TengrinewsTV тілшілері мен ҚР Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты алматылықтардың 60-жылдары Жаңа жылға қалай дайындалғаны бейнеленген видеоролик көрсетті.

Видео 1966 жылдың 31 желтоқсанында түсірілген. Кадрда өтіп бара жатқан жылдың соңғы күні қысқа екені, себебі өткен 364 күнде үлгермеген істерді осы күні аяқтауға тура келетіні айтылған.

Видеодан Жаңа жыл алдында адамдардың әбігерге түсіп жатқанын көруге болады. Олар сыйлық сатып алып, салат дайындап, үйлеріне шырша әкеліп және құттықтау телеграммаларын жөнелтіп жатыр. Аяз ата да бұл күні өз қызметіне кірісті.

Реклама
Реклама

Түскі уақытта Алматы кондитерлік фабрика қызметкерлерінің балаларына арналған жаңажылдық шара өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама