Алматылықтардан антитеррористік оқу-жаттығулардан қорықпау сұралды

Алматылықтардан антитеррористік оқу-жаттығулардан қорықпау сұралды

Алматыда?ы Универсиада-2017 нысандарында ?алалы? терроризммен к?рес штабыны? ?кілдері "Юг-Антитеррор2016" атты антитерристік о?у-жатты?у ж?ргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі штабты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Универсиада-2017 нысандарында қалалық терроризммен күрес штабының өкілдері "Юг-Антитеррор2016" атты антитерристік оқу-жаттығу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқулардың мақсаты - нысандарда терроризм қаупі төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсету. Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарынан жүргізіліп жатқан оқулардан қорықпай, түсіністікпен қарауларын сұраймыз", - деді Алматы қалалық штабтың өкілдері.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде алматылықтар полицейлерді көріп қалған сәттерін суретке түсіріп, Желіге жүктеп жатыр. Мысалы, қолданушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Шығыс айналма жолдың бойында түсіріп алған.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама