Алматылықтардың күткен автобустары келмей жатыр

Алматыда аялдамасында автобус күткен жұрт. © Tengrinews.kz

Алматыда ?ала т?р?ындары 14 ?азан?а ?ара?ан т?ні ал?аш?ы ?арды? ку?сі болды. Алайда та??ы уа?ытта оларды? к?тері?кі к??іл-к?йін ?з уа?ытында келмей жат?ан ?о?амды? к?ліктер т?сіріп, к?бісі таксиді? ?ызметіне ж?гінуге м?жб?р болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда қала тұрғындары 14 қазанға қараған түні алғашқы қардың куәсі болды. Алайда таңғы уақытта олардың көтеріңкі көңіл-күйін өз уақытында келмей жатқан қоғамдық көліктер түсіріп, көбісі таксидің қызметіне жүгінуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нақтырақ айтқанда №121 және №32 бағытындағы автобустар тіпті жоқ десе де болады. "Аялдамада 40 минуттан аса уақыт тұрдым. Көшеде ауа температурасы нөлден төмен, алғашқы қар түсті ғой бүгін. Сөйтіп, жұмысқа таксимен баруға тура келді", - дейді Алматы тұрғыны. 

Еске салайық, кеше, 13 қазанда қалада 40-қа таяу автобус жолға шықпаған еді. № 30, 32 және 121 бағытындағы автобустардың жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпай қойған. Салдарынан мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер діттеген жеріне жете алмай, қиналды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама