Алматының бас дәрігері қызметінен босатылды

Серікбол Мусинов. © liter.kz

Серікбол Мусинов Алматыны? Денсаулы? са?тау бас?армасыны? басшысы ?ызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ала ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Серікбол Мусинов еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінде өткізген. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ауруханасында интерн дәрігер болып бастаған. Түрлі жылдары Семей облыстық Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы, Астана қалалық Фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

Реклама
Реклама

Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2017 жылдың қарашасында келген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама