Алматының бұрынғы прокуроры колонияда Ермегияевпен байланысын үзбеген

Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматыны? б?рын?ы прокуроры ?абит Миразов соттал?ан Тал?ат Ермегияевпен за?сыз ?арым-?атынасы ?шін ж?мыстан босатыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов сотталған Талғат Ермегияевпен заңсыз қарым-қатынасы үшін жұмыстан босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бас прокуратураның ұсынысын қарастыру қорытындысы бойынша Алматы прокуроры Миразов орнынан босатылды. Ол мемлекеттік билік пен прокуратура органдарына сенімсіздік танытып, сотталған Ермегияевпен заңсыз қарым-қатынаста болған. Сонымен бірге, ұсынысымыз бойынша Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Сәрсенов те орнынан босатылды. Ол Ермегияевтің өтінішімен Ақмола облысындағы "Еңбек" РМК-ні тексеру қорытындысын оң нәтижемен берген", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов брифинг барысында.

Оның айтуынша, бұл қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық-атқару органдарының 15 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жазаға тартылған. 

Реклама
Реклама

2017 жылы желтоқсанда Ішкі істер министрлігі Астанадағы ЕЦ 166/10 мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотталған Талғат Ермегияевке қамқорлық көрсетіп, жақсы жағдай жасағаны үшін қызметтік тергеу бастағаны хабарланаған. 

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусымында 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама