Алматының тар көшесінде жүк көлігі тұрып қалды

Алматының тар көшесінде жүк көлігі тұрып қалды

Алматыда ж?к к?лігі Жетісу ауданында Крыжицкий к?шесін жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда жүк көлігі Жетісу ауданында Крыжицкий көшесін жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көше тұрғындарының айтуынша, оқиға 6 ақпанда шамамен сағат 13:00-де болған. Олардың айтуынша, жүк көлігі Қарасу көпірі жағынан келе жатып, тар көшеге қыстырылып қалған. Соның салдарынан жүк көлігі екі бағытты да жапқанымен қоймай, тұрғындардың да жолын жапқан. Тұрғындар өз үйіне кіре алмай отырғанын айтады. "Бізге таңертең жұмысқа бару керек, егер мына жүк көлігі таңға дейін тұратын болса бізге Павлодарская көшесіне шығуға мүмкіндік жоқ", - дейді олар. 

Жарнама
Жарнама

Тұрғындар қала әкімшілігінен бірнеше рет осы жерге жүк көліктерінің жүруіне рұқсат етілмейді деген белгі орнатуды сұраған. "Бізді ешкім тыңдамады, сол себепті біз заңға сәйкес жол үстіне бөгеттер (лежачий полицейский) орнаттық", - дейді тұрғындар. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама