10 ақпан 2020 | 11:57

Әлішер Әбдіқадыров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Әлішер Әбдіқадыров. © karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл міндетті Әлішер Әбдіқадыров атқаратын болады. Ол өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері бойынша өңірде жетекшілік ететін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл міндетті Әлішер Әбдіқадыров атқаратын болады. Ол өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері бойынша өңірде жетекшілік ететін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлішер Әбдіқадыров Ломоносов атындағы ММУ-де бакалавриатты тәмәмдады. Экономика магистрі.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2009 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің сарапшысы қызметінен бастаған. 2013 жылы ол осы министрліктің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылғы ақпаннан бастап 2015 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды. Кейін, 2016 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болды. Осы тағайындалғанға дейін "QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная