10 ақпан 2021 | 14:01

Алтай Көлгінов елорда экологиясын қалай жақсарту керегін айтты

Фото: Александр Куприенко

Алтай Көлгінов елорда экологиясын қалай жақсарту керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алтай Көлгінов елорда экологиясын қалай жақсарту керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап. 

Астана әкімі қала тұрғындарына есеп беру кездесуінде қала экологиясын жақсарту бойынша жұмыстар бірнеше бағыт бойынша жүргізілетінін айтты. Олар - қаланы ауқымды көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, газдандыру, тасымалға электроавтобустарды жіберу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және басқалары. 

"Биыл тартымды орындар мен жасыл аумақтар одан әрі көбейеді. Экологияны жақсарту және қалалықтардың тиімді уақыт өткізуі үшін қолайлы орындар ашу мақсатында, Нұр-Сұлтанды ауқымды көгалдандыру бойынша іс-әрекеттерді жалғастырамыз. Педагогтер, дәрігерлер мен құтқарушыларымыздың құрметіне аталатын тақырыптық скверлер мен саябақтар ашып, абаттандыруды жоспарлап отырмыз.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) тал егуді жалғастырумен қатар, Қазақ елі алаңында, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, вокзал, әуежай, СОСО, тұрақ кеңістіктері мен басқа аумақтарда ағаш отырғызуды көздеп отырмыз. Бұған қоса, "Астана Балет" маңындағы аумақта жасыл бақ, "Астана Опера" аумағында емен бағын, ал Триатлон-саябақта сирень бағын жасауды жоспарлап отырмыз. Қала жаңа түстерге енеді. Елорданың әрбір ауданын көгалдандырамыз. Елбасы бір сұхбатында атап өткендей, астананың бас жоспары ғимараттар, жасыл желек пен орман симбиозы ретінде жасалған. Осы тақырыпты ұстанамыз", - деді Алтай Көлгінов.

Реклама
Реклама

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде учаскелерді көгалдандыруға да назар аударылады. Абаттандыру, қалалықтардың демалысы үшін жағдай жасау ғана емес, қалада тазалық сақтау да маңызды. Осылайша, астанада қоқысты қайта өңдеу зауыты жаңғыртылып жатыр, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жалғасады. Ол үшін қала бойынша контейнерлер орнатылған.

"Линияға 100 электроавтобус шықты. Олардың қоршаған ортаға залалы жоқ, зиянды қалдықтар бөлмейді. Осындай тағы 100 экоавтобус шығаруды жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қала экологиясын біршама жақсартуға елорданы газдандыру да көмектеседі. Мәселен, биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігін Теміржол, Көктал-2 тұрғын алаптарының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі иеленді. Бұған қоса, қазір Көктал-1, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады", - деді әкім.

Суреттер: Александр Куприенко

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная