"Алты оқ тиген". Қазақ файтеріне Мәскеуде шабуыл жасалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

16 ақпанда Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. 

Реклама
Реклама

Көпшілікке "Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама