Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған: Ақтөбеде жұртты алдаған зергер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған: Ақтөбеде жұртты алдаған зергер ұсталды

Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың біріне қатысты арыз-шағым түскен.

"Зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алғаны белгілі болды. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Қазір оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды", - деді полиция.

Реклама
Реклама

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама