03 маусым 2022 | 09:43

"Алтын-Емел" аумағында сирек кездесетін қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©altynemel_np

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін "Тянь-Шань" қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін "Тянь-Шань" қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы парк Instagram-парақшасында хабарлады. Алғашқы фотода аю тастың үстінде отырғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

 Ал түнде түсірілген екі суретте соқпақ жолмен келе жатқан жыртқыш бейнеленген. 

Суреттер: "Алтын-Емел" паркі баспасөз қызметінен

"Тянь-Шань" қоңыр аюы - Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында мекендейтін қоңыр аюдың жеке түрі. 1940 жылдары жыртқыш Сырдария Қаратауы аумағынан толықтай жойылып кеткен. Қазір ол Тянь-Шань жоталарын, сонымен қатар шеткі Алтын-Емел, Тоқсанбай, Қояндытау, Қайқан тау сілемдері бар Жоңғар Алатауын мекендейді. Аю КСРО Қызыл кітабына, ҚазССР Қызыл кітабына, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сирек кездесетін аюдың бұл түрі Қазақстан мен Өзбекстан қорықтарында қорғауға алынған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная