Алтын, көлік және миллиондар: Шымкентте ірі схема әшкере болды

Алтын, көлік және миллиондар: Шымкентте ірі схема әшкере болды видео кадры

ҚМА Шымкент бойынша департаменті Nazira Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Шымкент бойынша департаменті Nazira Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40 пайыз көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

"Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама