13 қыркүйек 2021 | 16:14

"Алтын Орда" базары жабылса дүрлігу мен қымбатшылық туғызады - әкімдік

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: 2gis

Алматы облысының әкімдігі Алматы маңында орналасқан "Алтын орда" базары локдаун кезінде неге шектеусіз жұмыс істегені, соның салдарынан базарда адам шектен тыс көп болғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімдігі Алматы маңында орналасқан "Алтын орда" базары локдаун кезінде неге шектеусіз жұмыс істегені, соның салдарынан базарда адам шектен тыс көп болғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-да өткен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы брифинг барысында журналистер әкімдік пен санитарлық қызмет өкілдеріне Алматы қаласында барлық базар мен сауда және ойын-сауық орталығы жабылған кезде "Алтын Орда" базары мен "Апорт" неліктен жұмыс істегенін, соның салдарынан вирус жұқтырғандар саны көбейгені туралы сұрақ қойды.

"Алтын Орда" - республикалық маңызы бар базар. Онда өңір тұрғындары мен кәсіпкерлері ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірінен және Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты көрші елдерден де өнім сатып алып келеді, алып кетеді. Бұл базар елдегі баға белгілеуде үлкен роль атқарады, өйткені көтерме саудагерлердің көпшілігі сол жерден тауар сатып алады. Егер оны бірнеше күнге жапсақ, дүрлігу мен қымбатшылық туғызады. Базарда шектеу шаралары сақталған, онда вакциналаудың үш пункті жұмыс істейді", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Реклама
Реклама

Алматы облысының бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов оқу жылы басталар алдында "Алтын Орда" базарында және "Апортта" адамдар көп жиналғанын растады. Бірақ оның айтуынша, ол бір күн ғана болған. Мектепте сабақ басталар алдында Алматы облысы тұрғындары да, қала тұрғындары да осы базарға келген. Ерғали Сыдымановтың айтуынша, "Апорт" сауа үйіне мониторингтік топ шығып, базарды да аралаған.

"Келесі күннен бастап барлық заңбұзушылық жойылды. Біз базар әкімшілігінен эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды талап етеміз және оларды сақтауға тырысады", - деді өңірдің бас санитаря дәрігері.

Сондай-ақ, журналист "Алтын Орда" мен "Апортта" заңбұзушылықтар үшін нақты кім жазаланғанын сұрады.

"Штабтарда осындай жағдайларды қарастырып жатырмыз. Қарасай ауданы әкімдігінің басшылығына осындай фактілерге жол бермеу және оларға сеніп тапсырылған өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту туралы ескерту жасалды. Базар иесі жазаланды ма деген сұраққа қазір жауап бере алмаймын", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная