23 тамыз 2023 | 11:52

"Алтын Орда" базарында қандай жаңа заңбұзушылықтар анықталды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті маусымда "Алтын Орда" базарында зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті маусымда "Алтын Орда" базарында зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті биыл маусымда Altyn Orda New Company ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 миллион теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырды. Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 миллион теңге корпоративті табыс салығы - 106,0 миллион теңге өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке барлығы 169,6 миллион теңге түсті.

Тексеру барысында Altyn Orda New Company ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді", - делінген хабарламада.

Бүгінде "Алтын Орда" сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелгені айтылды.

Реклама
Реклама

"Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Алтын орда" базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды".

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан:

  • 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін;
  • тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды "Алтын орда" базарының аумағында өткізген екі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная