ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2022 | 17:51
"Алтын Орда" базарында қандай заңбұзушылықтар болғаны айтылды
Мемлекеттік кірістер комитеті "Алтын Орда" базарында қандай заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік кірістер комитеті "Алтын Орда" базарында қандай заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство нарыққа қатысты бірқатар бақылау іс-шарасын жүргізгенін атап өтті.
"Алтын Орда" базарының аумағында сауда жасайтын 2 993 тұлға кәсіпкер ретінде тіркелді (оның ішінде ақпанда - 1371, наурызда - 1443, сәуірде - 179). Бұрын есепте тұрған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны 3 324-ке жетті. Бұрын базар аумағында 331 салық төлеуші есепте тұрған", - делінген хабарламада.
Бақылау іс-шаралары Altyn Orda QazTrade Ltd ЖШС және KURYLYS LTD - "Құрылыс ЛТД" ЖШС нарық иесіне қатысты жүргізілді.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 1,5 миллиард теңге салық төленді, оның ішінде Altyn Orda QazTrade Ltd ЖШС 1,4 миллиард теңге сомасына салық төледі, "KURYLYS LTD" ЖШС - "Құрылыс ЛТД" бюджетке 92,3 миллион теңге төледі.
Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша KURYLYS LTD ЖШС және Altyn Orda QazTrade Ltd ЖШС-ге камералық бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге хабарламалар берілген, олар бойынша салық түрінде 1,1 миллиард теңге, 650 миллион теңге жиналды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.
Камералық бақылау салық тексеруін жүргізбестен мемлекеттік кірістер органдарының хабарлама ұсынуын білдіреді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта Altyn Orda QazTrade Ltd және KURYLYS LTD - "Құрылыс LTD" компанияларына қатысты да салықтық тексерулер жүргізіліп жатыр.
Ақпанның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.
Сәуірде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексерістің алдын ала қорытындысы туралы айтқан еді.
Бозымбаев "Алтын Орда" Алматы мен облыс базарларының жартысынан көбін азық-түлікпен қамтамасыз ететінін атап өткен. Қазір билік базарды демонополизациялап жатыр. Елдің барлық өңірінен ірі шаруа қожалықтары, сондай-ақ шетелден импорттаушылар оған қолайлы бағамен қол жеткізе алуы керек. "Алтын Орданың" жаңа ережелерін Үкіметтің өзі әзірлейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также