25 желтоқсан 2021 | 11:40

"Алтын Орда" базарының маңындағы жол айрығы ашылды

Фото: ҚР ИИДМ

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының маңындағы жол айрығы ашылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының маңындағы жол айрығы ашылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін "Алтын Орда" базары ауданындағы "Алматы-Райымбек" учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада бойынша қозғалыс ашылды. Салтанатты шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.

Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, "таға" үлгісіндегі бұрылу эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Сонымен қатар, транзиттік, қоғамдық және жергілікті көліктер үшін 4 шақырымдық 10 жолақты жол салынды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жол жасауға 200-ден аса жұмысшы мен 50 техника тартылғаны белгілі. 

"Қозғалыстың ашылуы "Алтын Орда", "Барлық" ірі базарлары мен "Молл Апорт" сауда және ойын-сауық орталығының орналасқан жерін ескере отырып, осы учаскедегі өткізу қабілетін, халық үшін ыңғайлықты арттыру және азаматтардың бизнесін жүргізу үшін инфрақұрылым проблемаларын шешуде оң әсер бермек", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная