22 қараша 2022 | 17:09

"Алтын Орда" маңындағы бейберекет жол қозғалысына қатысты полицейлер пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы полициясы жүргізушілер шағымданған "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда орталығы маңындағы жолға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы жүргізушілер шағымданған "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда орталығы маңындағы жолға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тасжолдағы жағдай туралы жазба жарияланған соң тәртіп сақшылары арнайы рейдке шыққан. Полиция қызметкерлері аймақта патрульдік қызметті күшейтті. Жол ережесін бұзғандарға айыппұл салынады.

Осылайша, автобус жолағымен жүретін жеңіл көліктер мен басқа да көлік түрлерінің жүргізушілері жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, жолаушыларды дұрыс емес жерге түсірген автобус жүргізушілері де жазаланады.

Реклама
Реклама

"Жергілікті полиция басқармасы адам өміріне қауіп төндіретін жол ережесін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында осы аумақта қызметті күшейтті.

Бұл ретте жүргізуші қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша автопарк басшыларымен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін алматылық жүргізушілер "Алтын Орда" маңындағы бейберекет жол қозғалысына шағымданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная