10 желтоқсан 2020 | 09:11

"Алтын ордадағы" жол құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

© TengriTV кадры

"Алтын ордадағы" жол айрық қашан аяқталатыны белгілі болды. Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Алайда "Алтын орда" жобасы кейінірек аяқталады деп күтіліп отыр. "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі жол айрық құрылысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алтын ордадағы" жол айрық қашан аяқталатыны белгілі болды. Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Алайда "Алтын орда" жобасы кейінірек аяқталады деп күтіліп отыр. "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі жол айрық құрылысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсай өзеніндегі көпір құрылысы, үш жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі мен электр, газ құбыры, байланыс жұмыстары аяқталған.  

Реклама
Реклама

"Бүгінде "таға" типі бойынша көлік айрығының арматуралық қаңқасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жүру бөлігін жарықпен 10 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары аяқталып қалды", - дейді "ҚазАвтоЖол" өкілдері. 

Сондай-ақ ведомство өкілдері жобаның қашан аяқталатынын айтты. 

"Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Алматы-Бішкек автожолындағы "Алтын Орда" базарының аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарымен мердігер "Дәулет-Дорстрой" ЖШС айналысып жатыр. 

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі -  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурыз айында сатып алынды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная