07 сәуір 2020 | 14:54

"Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді" - Тоқаев азық-түлік мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде азық-түлікке байланысты алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде азық-түлікке байланысты алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Continental Logistics көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасып жатыр", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Президент Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек екенін айтты. 

"ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс", - деді Президент. 

Тоқаев Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретінде Қазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная