20 қараша 2023 10:33

Аман Төлеев 80 жасына қараған шағында қайтыс болды

Фото: Кемерово облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі

Ресейде губернатор болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды. Бұл туралы Кемерово облысының басшысы Сергей Цивилев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде губернатор болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды. Бұл туралы Кемерово облысының басшысы Сергей Цивилев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилев Telegram-арнасында Кемерово облысының 79 жастағы экс-губернаторы Аман Төлеевтің қайтыс болғаны туралы хабарлады. Айта кетейік, Төлеев - этникалық қазақ, оның әкесі Алашорданың ұрпағы болған. Төлеевтің анасы жартылай татар, жартылай башқұрт. Ол облысты 20 жылдан аса басқарды.

Реклама
Реклама

"Біздің облыста тұтас бір дәуір Аман Гумирұлымен байланысты: ол облысты шахтерлер Транссібір теміржолындағы қозғалысты бөгеп, рельстерді жапқанда басқарып, дағдарыстан алып шыққан еді. Кузбасс тұрғындары Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халықтың губернаторы ретінде еске алады", - деп жазды облыс губернаторы Сергей Цивилев.

Еске салайық, 2018 жылғы 25 наурызда Ресейдің Кемеровода төртқабатты "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шыққан болатын. Өрттен 64 адам қаза болды. Көз жұмғандар арасында 41 бала болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 79 адамға жетті.

Өрттен кейін бірнеше күн өткен соң Аман Төлеев Кемерово облысының губернаторы қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram