ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2023 | 17:32
Amanat Алматы мәслихатына депутаттық мандаттарды бөлді
Amanat Алматы қаласы мәслихатына депутаттық мандаттарды бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Amanat Алматы қаласы мәслихатына депутаттық мандаттарды бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 28 наурызда Amanat партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 12 депутаттан тұратын партиялық тізім бекітіліп, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттары ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.
Ұсынылған тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың үлесі 41,6% құрады. Орташа жас – 40 жас (VII шақырылым – 46 жас), депутаттық құрам 6 жасқа жасарды.
Amanat партиясының Алматы қалалық филиалынан партиялық тізімдер бойынша депутаттар құрамы:
1. Ақанова Әсия Айқанқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Big data және жасанды интеллект" кафедрасының доценті;
2. Ерлан Диана Ерланқызы – көпбалалы ана, "Kzhol" ҚҚ-ның құрылтайшысы;
3. Есматов Серік Аманжолұлы – паралимпиадашы;
4. Канкуров Станислав Владимирович – Amanat партиясы Саяси кеңесінің мүшесі;
5. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – Қалалық кардиологиялық орталығының директоры;
6. Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы;
7. Нәдіров Жандос Қуанышбекұлы – Қалалық қан орталығының директоры;
8. Проценко Игорь Александрович – "ПКФ Торнадо PLUS" ЖШС бас директоры;
9. Рамазан Бекбол Батыржанұлы – Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының проректоры;
10. Тау Нұрымбек – "Daco Motors" ЖШС директоры;
11. Тё Елена Васильевна – "Алматы қаласы спорттық нысандар дирекциясы" ЖШС директоры;
12. Хамраев Садир Артемович – "Алматы қаласы Көлік холдингі" ЖШС директоры.
Естеріңізге салсақ, жақында Алматы қаласы мәслихатына бір мандатты округтер бойынша Amanat партиясынан ұсынылған 11 депутат өтті:
1. Жантелиев Дастан Темірәліұлы – "Жеті Мұра" ЖШС директоры;
2. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы - № 204 ЖББМ КММ директоры;
3. Башинская Анна Романовна – "Фирма "ЛЭУ" ЖШС директорының орынбасары;
4. Өмірбаева Зәуреш Әбілғожақызы – "Кәсіподақ Орталығы" Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы;
5. Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы – "Жан-М" ЖШС директоры;
6. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ директоры;
7. Козлов Сергей Анатольевич – "Масато" инвестициялық-құрылыс компаниясының бас директоры;
8. Сауранбаев Ералы Болатұлы – "Sheber Partners" ЖШС бас директоры;
9. Талғатов Зия Балалдинович – "Техноград" ЖШС компаниялар тобының атқарушы директоры;
10. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы – "Атрикс-Строй" ЖШС директоры;
11. Ибрагимұлы Болат – "Qazaq Stroy Properties" ЖШС директоры;
Сонымен қатар, бір мандатты 12-округ бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен партия мүшесі Зүлеев Мұхтар Махамбетұлы депутат болып сайланды. Жалпы алғанда Amanat партиясы 24 депутаттық мандатпен қалалық мәслихатта басым көпшілікке ие болмақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также