AMANAT БҚО-да: 60 мың сапалы жұмыс орны ашылады

AMANAT БҚО-да: 60 мың сапалы жұмыс орны ашылады

"AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, педагогтармен, ауыл тұрғындарымен кездесті.

"AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, педагогтармен, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Орал қаласында РПШ мүшелері өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесіп, партияның "Халықпен бірге!" сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Бақтықожа Ізмұхамбетов атап өткендей, кез келген ел дамуының негізгі шарты – қоғамдағы бейбітшілік пен келісім.

Реклама
Реклама

"Біз жалпыұлттық ауызбіршілікті нығайтуға, дәстүрлі моральдық қағидаларды сақтауға, барлық көзқарасты түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. "AMANAT" партиясы ұлтына, діни наным-сеніміне, тіліне, жынысына немесе материалдық жағдайына қарамастан, барша қазақстандықтың мүддесін әрқашан ескереді. Біздің елімізде ешкімнің өз тілі мен ұлттық мәдениетін қолдану және дамыту құқығына ешқашан қысым жасалмайды", - деді ол.

Бұдан соң штаб мүшелері полипропилен құбырын шығаратын зауытының ұжымымен кездесті. Партиялықтар сайлауалды бағдарламадағы еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты

"Партия машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында сапалы, жақсы жалақы төленетін жұмыс орындары бар жүздеген жаңа кәсіпорын ашуға ұмтылады. Біз өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялық ресурстар келуі үшін ынталандыру шараларын жасауды талап етеміз. Жалпы, облыста 2027 жылдың соңына дейін кемінде 60 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда", - деп атап өтті Мәжіліс депутаттығына кандидат Павел Казанцев.

Осы күні штаб мүшелері Бәйтерек ауданының жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын талқылады. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Аудан тұрғындары тұрғын үй салу, сумен жабдықтау, білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелерін көтерді.

Алдағы 5 жылда облыста 20 мыңға жуық отбасы жаңа баспана алады. 38 ауылда сумен жабдықтау нысандары салынады. Апатты мектептерді және оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін өңірде 36 жаңа мектеп салынады, оның алтауы осы Бәйтерек ауданында салынады. Сонымен қатар, БҚО-да 50 медицина нысанның құрылысы жоспарлануда, оның 13-і Бәйтерек ауданында бой көтереді.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

Tengrinews
"AMANAT" партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама