21 ақпан 2023 | 19:01

"AMANAT" партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушының басын қосқан "AMANAT" партиясының әйелдер форумы өтті. Жиынға белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлік, білім беру сияқты және басқа да салалардың өкілдері қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушының басын қосқан "AMANAT" партиясының әйелдер форумы өтті. Жиынға белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлік, білім беру сияқты және басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қоғамдағы әйелдердің рөлі, олардың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруын және елдің саяси өміріне араласуын қамтамасыз етуге бағытталған "AMANAT" партиясының бастамалары талқыланды.

Реклама
Реклама

Партияның Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге араласуын кеңейту қажет екенін атап өтті.

«Партияға да өздеріңіздей күш-қуаты мол жандар қажет екені анық. Біз әрбір әйелдің еңбегі мен арманына құрметпен қараймыз, сіздердің бастамаларыңызды қолдауға әзірміз. Біз ортақ мақсаттарымызға өздеріңізбен иық тіресе бірге қадам жасауға дайынбыз», - деп атап өтті "AMANAT" партиясының Төрағасы.

Ерлан Қошанов форумға қатысушылардың партияда әйелдер қанатын құру туралы ұсынысын қолдап, Орталық аппараттың басшылық құрамын әйел адаммен толықтыруды тапсырды.

"AMANAT" мүшелерінің 60%-дан астамы – әйелдер. Сайлаудағы партиялық тізімнің үштен бірін де біздің аруларымыз құрайды. Сондықтан инклюзивті мәдениет, гендерлік саясат мәселесі әрқашан партиямыздың басты назарында», - деді ол.

Ерлан Қошанов өңірлік әйелдер форумдарының қорытындысы бойынша көп ұсыныс түскенін атап өтті. Олардың барлығы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енді.

Мәжілістегі "AMANAT" партиясының фракциясы жеңіске жеткен жағдайында, бірінші кезекте балаға мерзімсіз мүгедектік берілетін аурулардың тізбесін кеңейту мәселесін қарауды қолға алады.

Партия жақсы жалақы мен жоғары лауазым адамның жынысына емес, дағдысына қарай берілетін мәдениет қалыптастыруға ниетті. Партия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатуды жақтайды және көпбалалы аналар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау шараларын күшейтеді.

Осы күні штаб мүшелері "Астана-Тазалық" ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қаланың санитарлық тазалығымен, аумақтарды абаттандырумен және тазалаумен айналысады.

Партиялықтар кәсіпорын қызметкерлерімен бірге сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмысшылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау шараларын талқылады.

"AMANAT" жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, жалақыны арттыру және техникалық персонал мен бюджеттік ұйымдардағы білікті қызметшілердің табыс айырмашылығын қысқарту мәселелердің шешілуін назарда ұстайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная