12 шілде 2020 | 17:19

Амандық Баталов ауруханадан шықты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгін ауруханадан шықтым. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын. Бірінше кезекте жерлестеріме, достарыма, туған-туыстарыма рақмет айтамын.

Дәрігерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Көптеген адамның өмірі дәрігерлерге байланысты. Енді сіздермен бірге пандемияны жеңу үшін жұмысқа кірісемін. Барлық күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Құрметпен Амандық Баталов", - деп жазды ол.

"Ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі". Амандық Баталов Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын. Кейінірек оның Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатқаны айтылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная