ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2022 | 10:53
Аманжол Әлтай Мәжілістің қай комитет құрамына кіргені белгілі болды
"Аманат" партиясының депутаты Аманжол Әлтай Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Аманат" партиясының депутаты Аманжол Әлтай Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті әріптестер, қатарымыз жаңа депутатпен толықты. "Аманат" партиясының тізімі бойынша Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болып тіркелген", - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Ол Әлтайды ант қабылдауға шақырып, кейін депутаттардан оның комитет құрамына кіруіне дауыс берулерін сұрады.
"Келіп түскен өтінішке байланысты Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне депутат Аманжол Әлтайды сайлауды сұраймын. Аманжол Дүйсенбайұлы - қазақстандық филолог, ақын-импровизатор, айтыс шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сондай-ақ, ұстаздық тәжірибесі мол, рухани-мәдени құндылықтарды, ұлттық өнерді насихаттауға, гуманитарлық ғылым мен білімді дамытуға зор үлес қосты", - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмиля Нұрманбетова.
Депутаттар бұл бастаманы қолдап дауыс берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также