ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2020 | 15:10
America's Got Talent продюсері Данэлия Төлешоваға қолдау білдірді
America's Got Talent шоуының продюсері Джон Пьермарини Данэлия Төлешоваға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
America's Got Talent шоуының продюсері Джон Пьермарини Данэлия Төлешоваға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Джон Пьермарини өзінің Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
"Үш жыл бұрын мен Данэлияның видеосын көріп қалдым және оның жұлдыз болатынын түсіндім, бұл тек уақыт мәселесі. Кеш болмай тұрғанда сені ұстағаныма қуаныштымын! Мен саған үлкен үміт арттым, ал сен одан асып түстің. Алда сәттілік тілеймін, мен үлкен бір нәрсе боларын білемін (сіздер менің әрқашан дұрыс айтатынымды білесіздер)", - деп жазды шоу продюсері.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от John Piermarini (@johnashimself00) 23 Сен 2020 в 7:45 PDT
Кейін Данэлия жауап қайтарды.
"Джон, осы сапар үшін көп рақмет. Осы байқау кезінде қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Барлық сөзіңіз үшін рақмет. Рақмет!" - деп жазды жас талант ағылшын тілінде.
"Жеңіс туралы ойламадым". Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуы жайлы
Еске салайық, Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауының финалында жеңіліп қалды. Биылғы America's Got Talent шоуының жеңімпазы Брендон Лейк болды. Ол бір миллион доллар алды.
Айта кетейік, Данэлия жартылай финалда көрермендер көп дауыс берген үздік үш қатысушының бірі болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также