ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 ақпан 2018 18:24
Америка жұртшылығы қазақтың қазысын жеп, домбыра үнін тыңдады - БАҚ
Қазақстан Нью-Йорктегі Шетелдік консулдар қауымдастығының бастамасымен өткен ұлттық тағамдар фестиваліне қатысты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері, Нью-Йорктің қоғамдық және іскерлік топтары, консулдықтың 30-дан астам қызметкері әлем халықтарының тағамымен ғана емес, сондай-ақ мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты.
Қонақтар қазы, манты, самса және үлкен қазанда дайындалған палаудың дәмін тәтті. Іс-шарада қазақ домбырасынан күй шертіліп, "Балқадиша" және "Меркі" әндері орындалды. Осылайша, Қазақстан Бас консулдығының көмегімен ұйымдастырылған шара халықтар достығын паш ететін жарқын мерекеге айналды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу