15 қараша 2020 | 12:50

Америкалық әйел Қазақстаннан асырап алған қызының ата-анасын іздеп жатыр

Фото Pixabay.com

АҚШ тұрғыны Қазақстаннан асырап алған қызының ата-анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ тұрғыны Қазақстаннан асырап алған қызының ата-анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық Кристен Демшок Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобында асырап алған қыздарының бірінің биологиялық анасын табуға көмектесуін өтініп, хабарлама жазды.

Реклама
Реклама

"Сәлеметсіздер ме?! Біз Қазақстаннан екі қызды тәрбиелеп отырмыз. Біз кішкентай қызымыздың анасымен байланыстамыз, бірақ үлкен қызымыздың отбасымен байланысты жоғалттық, себебі нөмірі өзгеріп кеткен. Менде оның аты-жөні, мекен-жайы, сондай-ақ сізге хабарласуға көмектесетін аудармашы бар. Бірақ оның нөмірін алатын мүмкіндік жоқ. Өйткені олар Көктас деп аталатын өте алыс жерде тұрады. Маған жаңа нөмірлерін табуға кім көмектесе ала ма? Менің қызым 17 жаста және ол ата-анасымен сөйлескісі келеді", - деп жазды Кристен.

Постқа жазған пікірінде әйел қызының биологиялық ата-анасымен соңғы рет екі жыл бұрын байланысқанын жазды. Содан келесі жылы Қазақстанға келмек болған.

Бірнеше күннен кейін топта Нұртас Адамбай қыздың туыстары табылғанын жазды.

"Сәлем. Жақында мұнда Kirsten Kristen Demshock асырап алған қызының анасы Шолпан Қанышкенқызын іздеп жатқаны туралы пост жазған. Біз оны таптық! Шолпанның нөмірлері оған messenger-де жіберілгенін айтыңыздаршы. Ол жеке хабарламаларды тексермейді екен. Шолпан Қанышкенқызы қызынан қоңырау күтіп жүр! Рақмет!", - деп жазды Нұртас Адамбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная