ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2023 | 12:25
Америкалық азамат қазақ тілін Ninety one тобының әндерінен үйренген
Америкалық азамат қазақ тілін Ninety one тобының әндерінен үйренген. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өкілдері шетелдіктің оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық азамат қазақ тілін Ninety one тобының әндерінен үйренген. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өкілдері шетелдіктің оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эван Аллен Тараздағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол орыс тілін мүлде білмейтінін, сондықтан қазақ тілін үйренуге дереккөз табу қиын болғанын айтты.
"Ninety one тобын тапқан кезде қатты қуандым. Мен олардың әндерінен тілді үйрене бастадым, олардан сөздер мен интонацияларды қайталай бастадым. Қазақ тілін үйренуге көп уақыт жұмсадым", - дейді шетелдік.
Эван топ әндерінің барлық сөзін біледі. Қазір ол Қазақстанда жүргенде топпен танысуды армандайды.
"Өткен айда мен олардың Астанадағы жеке концертіне бардым. Онда болғаныма өте қуаныштымын. Бір күні топпен кездесіп, оларға жеке алғыс айтамын деп ойлаймын", - деді Эван.
Желі қолданушылары Эванның жетістігіне қуанып, пікір қалдырған.
"Міне! Үйренемін дегендер қандай да болса жолын табады, сылтау іздемей!" "Эван жарайсың! Қазақ тілінде тамаша сөйлейсің", "Ал сенің қазақ тілін үйренудегі сылтауың қандай?" деп қоса салу керек еді аяғында", "Керемет! Сізге үлкен құрметімізді білдіреміз!", "Жарайсың Эван құлшынысыңа дән ризамын. Тілді үйренуге ешқандай сылтаудың қажеті жоқ", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также