26 қараша 2020 | 15:20

Америкалық дипломаттар бауырсақ пісіріп, Алғыс айту күнін атап өтті

Видеодан кадр

Америкалық дипломаттар қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық дипломаттар қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері қазақ тілінде видеоқұттықтау түсірді.

Реклама
Реклама

"Әр елдің мәдениетінде, салт-дәстүрінде ерекшеліктер мен ұқсастықтар қатар жүреді. Мәселен, алғыс айту, ризашылық білдіру туралы айтсақ: қазақ халқының мәдениетінде ризашылық білдіріп, бата беру ерекше орын алады. АҚШ-та қараша айының төртінші бейсенбісі "Алғыс айту күні" болып тарихи, дәстүрлі мереке ретінде қалыптасқан. Қазақстандағы АҚШ дипломаттары осынау мерекені бүгінде қалай атап өтпек, соны білейік", - деді елшіліктегі ақпарат жөніндегі аға көмекші Тоғжан Мұқатаева.

АҚШ елшісі Уильям Мозер Алғыс айту күнін қалай атап өтетінін көрсетті.

"Жыл сайын америкалықтар отбасыларымен, достарымен бірге отырып, бір-біріне айтылған тілектеріне алғыс айту, шүкір ету үшін жиналады. Биыл жаһандық пандемияға тап болдық. Ең қиыны - қаншама отбасы мерекелерді бірге атап өте алмай отыр. Әлбетте, әр отбасының дайындайтын өз тағамдары мен дәстүрі бар, бірақ елімізге тән ортақ элементті де байқайсыз. Менің қазақстандық достарым, сіздермен мына дәммен бөлісіп, өзімнің алғыс айту күнін атап өту дәстүрін көрсеткім келеді", - деді елші. 

Алматыдағы бас консул Эрик Майер пандемияға байланысты "Алғыс айту күнін Америкадағы жақындарынан алыста өткізуге мәжбүр екенін" атап өтті. Алайда соған қарамастан "қазақтың бауырсағы мен алматылық апорт алмасының дастархан көркіне айналатынына" ризашылығын білдірді.

"Америкалық дипломаттардың көбі биыл Алғыс айту күнін Америкадағы жақындарынан алыста өткізуге мәжбүр. Есесіне біз дәстүрлі америкалық Thanksgiving мәзірін түрлендірудің амалын таба аламыз. Биыл мен қазақтың бауырсағы мен алматылық апорт алмасының дастархан көркіне айналатынына разымын", - бас консул. 

"Алғыс Айту күні біз негізі үйді безендіреміз. Енді үйді қазақтың қолөнер бұйымдарымен де әдемілеуге болады", - деді мәдениет жөніндегі атташе Эмбер Ора.

"Биыл біз Алғыс айту күнін ерекше атап өтеміз. Қазақ тілін үйреніп, енді достарымызға алғысымызды қазақ тілінде жазғымыз келеді", - деді Брайан.

"Коронавирус уақытында біз достарымызбен, отбасымызбен бас қоса алмай отырмыз, бірақ біздің тілегіміз бен жүрегіміз бір", - деді Рафаэль Гонзалес.

"Дәл осы күні америкалықтар бір-біріне деген ізгі ниеті мен ыстық ықыласқа толы ризашылықтарын білдіріп, бүкіл әлемге алғыстан шашу шашып жатыр. Айналамыздағы адамдарға алғыс айту - кімді де болсын, рухани тұрғыда байытатыны сөзсіз. Баршаңызға алғыс айтамыз", - деп түйіндеді құттықтауды Тоғжан Мұқатаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная