Америкалық ғарышкер қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен ғарыштан құттықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Америкалық ғарышкер Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қазақстандықтарды ғарыштан құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық ғарышкер Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қазақстандықтарды ғарыштан құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! АҚШ Қазақстан Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Содан бері екі ел арасында барлық бағыт бойынша, әсіресе, ғарышты зерттеуде ынтымақтастық артып келеді", - деді Томас Ванде Хэй.

Сондай-ақ, ол Байқоңыр ғарыш айлағынан алған әсерін айтты.

"Байқоңырдан екі мәрте ұшу бақытына ие болдым. NASA онда маңызды зерттеулер жүргізді", - деді АҚШ азаматы.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жазба жарияланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама