19 ақпан 2024 11:45

Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

Фото: aolkz.kz

Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ локомотив құрастыру зауытының жалғыз иесі атанып, акцияларын толығымен бақылайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Railway Supply сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтырғы қазан-желтоқсандағы есептерге сәйкес, Wabtec ЛҚЗ акцияларының тағы 50 пайызын 81 миллион долларға сатып алды. Осыған дейін компания "Трансмашхолдинг" АҚ-мен акциялардың жартысына ие болған.

"Бұл қадам 2023 жылдың қарашасында Қазақстанда өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылғаннан кейін жасалды. Осы құжаттарда көрсетілген барлық мәміле орындалған жағдайда Wabtec-тің Қазақстанға жабдықты жеткізуден түсетін пайдасы 2 миллиард доллар болады деп күтіледі", - деп жазды портал.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы ҚТЖ 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алып, локомотив паркінің 15 пайызын жаңартуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram