ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қараша 2021 | 10:39
Америкалықтар асырап алған жігіт Қазақстанда ата-анасын іздейді
Америкалықтар бала кезінде асырап алған Қазақстан тумасы Қазақстандағы биологиялық ата-анасын іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әпкесі Элизабет Азиз жазды. Бойжеткенді де анасы Ақтөбедегі балалар үйіне тастап кеткен, оны АҚШ-тан сол отбасы асырап алған.

"Менің інім де Қазақстаннан асырап алынған, ол биологиялық әке-шешесін іздеп жүр. Өкінішке орай, оның туған әкесі құжатында көрсетілмеген, бірақ оның қазақ екенін ата-аналық сынаманың арқасында білеміз. Туғандағы аты-жөні - Андрей Шаталин. Оның биологиялық анасы - Наталья Алексеевна Шаталина, ол орыс болуы мүмкін. Оның 1973 жылы туылғанын білеміз және босанғанда 28 жаста болған. Менің інім 2002 жылдың 13-19 қазанында дүниеге келген. Күні нақты емес, себебі құжаттарда басқаша жазылған", - деп жазды жігіттің әпкесі.
Құжаттарға сәйкес, оның биологиялық анасының тағы бір баласы болуы мүмкін.
"Менің інім Нұр-Сұлтан қаласы Манас көшесі 8-де орналасқан перзентханада дүниеге келген. Ол перзентхананың қазіргі таңда бар-жоғын білмеймін. Босанғаннан кейін оны сол жерге тастап кеткен. Кейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған балалар үйіне орналастырылған. Бізде бар ақпарат осы ғана", - делінген қыздың Facebook-тегі жазбасында.
Ол сондай-ақ жігіттің бала кезіндегі суретін ұсынды. Қазір ол 19 жаста.
Фото предоставлено Elizabeth Aziz
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также