Америкалық миллионер Қазақстанға инвестиция құюға ниеттеніп отыр

Америкалық миллионер Қазақстанға инвестиция құюға ниеттеніп отыр © Finance.yahoo.com

Америкалық миллионер Қазақстанға инвестиция құюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

"Осыған дейін мен бірнеше себеппен Қазақстанға инвестиция құймай келдім. Оның бір - Қазақстанның басқа елдер үшін жабық болуы. Дегенмен бәрі өзгерді, қазір мен түрлі нұсқа қарап жатырмын. Қолымда өзім инвестиция құя алатын компаниялардың тізімі де бар. Бәрі де мүмкін", - деді Джим Роджерс.

Сонымен қатар, миллионер Қазақстанда болуды бақыт деп есептейтінін айтты.

Реклама
Реклама

"Мен мұнда болғаным үшін өте бақыттымын. Бұл жерде 5-6 рет болдым. Менің ойыма бірінші болып келетіні - дала. Ол өте үлкен", - деді Джим Роджерс.

Америкалық милионер және инвестор Джим Роджерс Қазақстанға халықаралық "Astana Invest-2015" форумына қатысу үшін келді.

Бұған дейін Джим Роджерс CNN телеарнасына Қазақстанға инвестиция құюға кеңес берген болатын.

Айта кетейік, Джим Роджерс - кітап авторы, қаржы сарапшысы, халықаралық инвестор.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама