Америкалықтар Қазақстанға видеожолдау арқылы ризашылығын білдірді

Ал?ыс к?ні меркесі ?арса?ында А?Ш-ты? ?аза?станда?ы елшілігі видеоролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғыс күні меркесі қарсаңында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі видеоролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға Қазақстанда болып көрген түрлі жастағы америкалықтар түскен.

"Осы бір Алғыс күні амрикалықтар Қазақстанға не үшін ризашылық білдіргенін айтты. Ризашылықтарыңызбен бөлісіңіздер. Сіз де кімге немесе неге риза екеніңізді білдіріңіз", - делінген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Facebook желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Қарашаның төртінші бейсенбісінде америкалықтар Алғыс күнін атап өтеді. Осы күннен бастап АҚШ-та мерекелік кезең басталады, ол Рождествоны қоса отырып, Жаңа жылға дейін жалғасады. Дәстүр бойынша бірнеше буын ұрпақ қара шаңыраққа жиналып, мерекелік ас ішеді. Әркім өміріндегі әрбір жақсылық үшін алғысын білдіреді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама