25 желтоқсан 2020 | 17:42

Аминка Витаминканың анасы көреалмаушылық туралы: Көлігіміздің терезесін шағып кеткен кездер болды

9 жастағы қазақстандық видеоблогер Амина Мәлгаждар (Аминка Витаминка) және анасы Арай Aina-LINE арнайы жобасында алғашқы қадамдары және жетістікке жетуде кездескен кедергілер туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

9 жастағы қазақстандық видеоблогер Амина Мәлгаждар (Аминка Витаминка) және анасы Арай Aina-LINE арнайы жобасында алғашқы қадамдары және жетістікке жетуде кездескен кедергілер туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Aina-LINE арнайы жобасы Alash Media Group медиахолдингі Damin Group-пен бірлесіп I-BALAQAI жобасы аясында қолға алынды.

Реклама
Реклама

Амина мен оның сіңлілері Адия және Аружан Қазнетте қызық видеоларымен танылды. Бүгінде Аминка Витаминканың YouТube-каналына 5,1 миллион адам, Instagram желісіндегі парақшасына 1,3 миллион адам жазылған. 

"Мен камераны жақсы көремін және Аминаның алғашқы қадамын, ең алғаш сөйлеген кезін видеоға түсіргенді жақсы көретінмін. Сосын маған бұл Аминаға да ұнайтын секілді көрінді. Ол өзін өзі түсіріп, кейіннен: "Анашым, мені түсірші" дей бастады. Кейіннен Nickelodeon-дағы бір сериалды көргеннен кейін теледидар саласында жүргісі келетінін айтты. Ол 3,5 жасынан бастап актриса болуды армандады. Идея осыдан пайда болды. Мен әртүрлі нәрсе ойластыра бастадым және ол қолымнан келді. Бұрын ертегі құрастырамын деп ойлайтынмын. Сондай арманым болды. Артынша вайн ойлап табу қолымнан келетінін түсіндім", - дейді Арай Мәлгаждар.   

Арайдың жары бұл идеяны қолдаған. Оның сөзінше, жарының арқасында бастамасы сәтті болған. 

"Ол маған: "Сенің қолыңнан келеді. Осы қалпыңнан тайма" деп қолдау көрсетті. Мен үйде отырған анамын және күнім шамамен былай өтетін: бала тәрбиесі, балабақша, үйірме, үй жинау, тамақ пісіру. Мен ата-енеммен тұрдым. Олар да мені қолдады. Атамыз бен әжеміз таңданыстарын жасырмады", - дейді ол.    

Үш қыздың күнделікті өмірі кесте бойынша өтеді: таңертең мектепке барып, үй жұмысын орындап, ал кешке демалып, ойнайды. Демалыс күндері түсірілімдерге барады. 

"Мәскеуге көшкенде қатты қорықтық. Ол бірінші сыныпты қазақ тілінде бітірді, ал екінші сыныптан бастап орыс сыныбына көшті. Ол жерде қазақ мектептері жоқ. Сол жағынан қиын болды", - дейді Арай Мәлгаждар.  

"Ең бірінші күні әкеммен бағдаршамнан өтіп бара жатқан кезде әкем: "Неге? Сен орысша жақсы сөйлейсің ғой" деді. Сосын мен: "Мен "жақша" деген сөз қалай аударылатынын білмеймін ғой" дедім. Бірінші, екінші, үшінші сыныпты үздік бітірдім", - дейді Амина. 

Амина неге қызығатынын айтты.  

"Көлікте ән айтып отырған кезімізде видео түсіріп, оны жүктеген болатынбыз. Вокалдан беретін мұғаліміміз соны көріп, сынақтан өтіп көруге шақырды. Ол маған ұнайды", - дейді блогер. 

Амина сұхбат барысында қазақстандық музыкант Иван Бреусов жазып берген "Звезда" атты әнінен үзінді орындап берді. 

"Маған олардың дамып келе жатқанын көру ұнайды. Кіші қызымның сөйлегені ұнайды. Ол, біріншіден, бір жасынан сөйлей бастаған, екіншіден, жай сөйлеп қана қоймайды. Мысалы ол бір жас екі ай кезінде бір жағдай болды. Мен оған: "Амина, бар да топ-топ ки" десем, ол маған: "аяқ киім деп айт" дейді. Үлкен адам сияқты сөйлеседі: "Анашым, сен сондай ғажапсың" дейді", - деп еске алды Арай Мәлгаждар. 

Бірақ табысты болудың да кері жағы бар. Бастапқыда оқырмандарының таңданысы қызық роликтер түсіруге дем берсе, кейіннен жаман ойлы адамдар да пайда болған. 

"Көз тиеді. Түсірудің не қажеті бар?" деп айтатын хейтерлер пайда болды. Сосын: "Мен 5 жасар қызымды анда апарамын, мында апарамын, түрлі үйірмеге барып, әртүрлі нәрсемен айналысамыз. Ол олимпиада чемпионы, көркем гимнастикадан чемпион. Неліктен қайдағы жоқ нәрсемен айналысатын сенің қызың танымал?" дейтін аналар шықты. Бұл бер жағы, менің балаларым ұсқынсыз, тісі қисық, көзі қилы деп айтатындар шықты. Себебі Адекада птоз болатын, бір көзі жартылай жабық еді. Яғни түрлі жаман сөз айтатын", - дейді Арай. 

Осылайша Арай құқық қорғау органдарына жүгінген:

"Мен депрессияға түсіп, сосын көлігімізді жайдан жай сындырып кеткен кездер болды. Түнгі үште көліктің терезесін шағып кетті. Көре алмайтын ештеңе жоқ. Біз де қарапайым отбасы, қарапайым адамдармыз", - дейді ол. 

Бірақ дегенмен жас отбасы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Амина алдағы жоспарлары туралы бөлісті. 

"Әрине, егер болашақта да ұнап жатса жалғастырамын. Егер ешкімге қызық болмаса, бірақ маған ұнаса түсіре беремін. Жақындарым үшін де. Өзіме ұнайтын нәрсемен айналысамын", - дейді блогер. 

"Баланың табысты болуы ата-анаға байланысты. Балаң футболмен айналысқысы келсе, көмектесуді сұраған кезде: "Мен футболшы емеспін ғой" деп айтады. Меніңше, ол дұрыс емес. Егер оның футболға икемі болса, анасы да футбол туралы ақпарат іздеп, соны жақсы көре бастауы керек. Баланың ойын тыңдап, оған көмектесіп, қолдау керек", - дейді Арай Мәлгаждар. 

Эфирдің видеожазбасын I-BALAQAI YouTube-каналынан қарай аласыздар.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.

Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloudAnchor.FM"Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.

I-BALAQAI жобасы аясында Marwin family shop және "Меломан" дүкенімен бірлесіп сертификаттар ойнатылады. Ұтыс ойынына I-BALAQAI-дың Instagram-дағы парақшасына жазылып, қатыса аласыздар. 

Marwin family shop және Меломан сауда желісінің дүкендеріне сертификат ұсынғандары үшін алғыс білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная